*****************************

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************

*******************************

Новости

***********************

Шілде айының 5-ші жұлдызында республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Темір Құсайын Орталықтың ұжымымен кездесіп, еліміздің бас басылымының бүгінгі өмірі мен тіршілігі, мақсат-мүдделері жайында ой бөлісті. Орталық директоры Әлібек Байжанұлы Сәтбаев ұжымға осы күні газет бетіне басылып шыққан «Оралдағы орталық оралымды істер жаршысы» атты мақаласын оқып, тілшіге өз атынан және ұжым атынан орталыққа ақпараттық қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып, мемлекеттік қызметшілерді оқыту үрдісінде ұжым келешекте де биіктен көрініп жүретініне зор сенім білдірді.

Кездесу соңында Темір Құсайын ұжыммен суретке түсіп, жылы шыраймен қоштасты.

 

***********************

Егемен Қазақстан, 5 шілде, 2013

Оралдағы орталық оралымды істер жаршысы

 

Мемлекеттік рәміздерге әр жылда бір келетін атаулы күні ғана емес, тіпті әр күн сайын құрмет көрсетіліп жатса да артықтық етпейді. Мұндай жағымды әдетті қалыптастыра алсақ, тұтастай қазақстандық қоғамда мемлекеттік рәміздер – Әнұран мен Елтаңбаға және көк Туға деген сүйіспеншілік сезім соғұрлым тереңдей түспек. Әйтсе де, қоғамдық өмір мен тұрмыста әр күн сайын мемлекеттік рәміздерді қастерлеп жатудың мүмкіндігі бола бермейді. Балды көп татып жей берсе, оның да дәмі кететіні секілді, мүмкін жоғарыда аталған мәселеге биік талғампаздық тұрғысынан да қарағанымыз жөн шығар. Ал қалай десек те, Орал қаласындағы мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығында өткізілетін сабақтар мен семинарлар Әнұранды тыңдаудан басталып жүргені құптауға тұрарлық тағылым.

Аталған орталық 2005 жылдың 30 маусымында құрылған. Осы­ның алдында, яғни 2004 жылдың 11 қазанында республикада мемле­­­кеттік қызметшілерді қайта даяр­­лау және біліктілігін көтеру ережелері бекітілген болатын. Осы­нау маңызы зор істің бастауында Елбасымыздың өзі тұрғаны да оған мемлекеттік тұрғыда мән берілгенін көрсетеді. Оралдағы орталық аталған құжаттың тікелей іске асуының көрінісі болып табылады. Мұнда бюджет қаражат­­­тары есебінен қосымша кәсіби білім беру түрлері мен жолдары жүзеге асырылып келеді. Орталық қызмет­тің бас­ты бағыттары мем­лекет­тік органдардың сұра­ныс­тары мен тілектеріне қарай икемделген.

Оралдағы оқыту орталығы облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын ретінде іс-қимыл танытып отыр. Оның қызметінің негізгі арналары мен ерекшеліктері туралы осы оқыту орта­лығының директоры, Батыс Қазақ­стан облыстық мәсли­­­хаты­ның де­путаты, Ресей Федерациясы әлеу­меттік технологиялар және жер­гілікті басқару ғылымдары ака­­де­­миясының толық мүшесі Әлі­бек Сәтбаев былайша әңгімелеп берді.

– Біздің алдымыздағы бас­ты мақсат – мемлекеттік қызмет­ші­лердің біліктілігін арттыру әрі оларды қайта даярлау. Оның бірін­шісі, қысқа мерзім аралығында оқытылады. Мамандандырылған семинарлар үш күннен, әрі кеткенде, толық бір аптадан аспайды. Бұл оқу сағаттары кәсіби қызметтің кейбір иірімдері мен қалтарыстарын түсіндіруге ар­нал­ған. Тыңдаушылардың тео­рия­­лық білімдері мен тәжіри­белік дағдыларын жетілдіру мен іскер­лігін арттыру ісі де біліктілік курстарының еншісіне тиеді. Бұл үш жылда бір өткізіледі. Ал мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен мамандандыру пәндері неғұрлым тереңдетіп оқытылады. Аталмыш оқу түрі күндізгі және сырт­тай оқыту тәсілдері бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қайта даярлауға дәрісханалық және өзін­дік жұмыстар қосымша са­ғаттар ре­тінде белгіленген. Қай­та даярлықтан өткізу мем­ле­кеттік қызметші лауазымға та­ға­йын­­­дал­­­ғаннан кейін үш айдан аспай өткізіледі.

Оралдағы орталық қызметімен танысқан кезімізде біз мұнда мемлекеттік қызметшілерді оқы­тудың тиімді, қоғамдық өмірге мейлінше жақын, мейлінше икем­ді т­әсілдері орныққанына көз жет­кіздік. Соның бірі ел ішіне шы­ғып көшпелі дәрістер өткізу тәжі­рибесі болып отыр. Мысалы, тың­даушылардың облыстағы белгілі бір аудан әкімдіктерінің іс тәжірибелерімен танысуы олар­дың сол өңірдегі еңбек ұжым­дарымен және өндірістік-агро­­шаруашылық құрылымдар өкіл­­дерімен кездесіп, ой-пікір алма­суы үлкен қызығушылық туғыз­ған. ҚР Президенті жанын­дағы Мемлекеттік басқару ака­де­мия­сының бастамасымен және Орал­дағы орталықтың тікелей ұйымдастыруымен өңірдегі мемлекеттік қызметшілер үшін таяу және алыс шетел ғалым­да­ры­ның дәріс беру үрдісі де өз жалғасын тауып келеді.

Соңғы жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мемле­кеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білімді түлектер әзірлеп шығарып жүр. Өңірдегі жоғары оқу орын­дарының ту ұстаушысы іспеттес, сексен жылдан астам тарихы бар, базалық іргетасы нық аталмыш университет пен оқыту орталығы арасында тиісті келісімшарт жасалған. Осы келісімге сәйкес жоғарыда аталған мамандық бойынша оқитын студенттер оқыту орталығында өткізілетін дәрістерге қатысады.

Орталықта бүгінгі заманғы оқыту әдістерін енгізу үшін де бірқатар оң шаралар белгіленген. Соның бірі интернет жүйесінің көмегі арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі. Бұл жөнінде өңір­дегі Қазақ ақпараттық және телекоммуникациялық универ­ситеті ректоратымен ортақ байланыстар ұстау жөнінде тиісті ұйғарымдар жасалған.

Өткен жылы Оралдағы оқы­ту орталығы жаңа ғимаратқа қо­ныс аударып, мемлекеттік қыз­­мет­шілердің сапалы дәріс алуына жан-жақты жағдайлар туғызылды. Мұндағы дәріс беру аудиториялары әлемдік білім беру стандарттарына толық сәйкес келеді. Барлық қызметтік кабинеттер бүгінгі заманғы ұйымдық техника­лармен қамтылған. Каби­неттер мен дәліздерге мемлекеттік рәміз­дер, Елбасының «Қазақстан- 2050» Стратегиясы, Ар-намыс кодек­сі, «Нұр Отан» ХДП тұжы­рым­­дамасы жөнінде көрнекі тақ­талар қойылған. Орталықтың өз элек­тронды поштасы мен ресми сай­ты және кітапханасы жұмыс жасайды.

Бүгінде осы кітапханадан ком­пью­тер мен интернет жүйесі ар­қылы Мемлекеттік басқару акаде­миясының электронды кітап­хана­­­сына тікелей шығып, ақпарат алмасу мүмкіндіктері туып отыр. Ор­талық қызметкерлері Астана мен Алматыдағы және Мәскеу мен Петербордағы арнайы академия­­лар­да өз біліктіліктерін көтеру курс­тарынан өткізілген. Сондай-ақ, олар республика қала­ларында өткі­зіл­ген аймақтық семинарлар мен тре­­нингтердің белсенді, ұқыпты да зерек қатысушылары болып табылады.

Осы орайда, орталықтың тағы бір ерекшелігі мен артықшылығын айтпай кетуге болмайды. Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес өткен жылдан бері Оралдағы оқыту орталығы мемлекеттік қызметкерлер үшін мемлекеттік тілді оқыту қызметін қоса атқара бас­тады. Осыған орай, жаңа ғи­марат­­­тан мемлекеттік тілге оқыту қыз­­­­метіне арналған арнайы аудито­риялар мен лингафон кабинеті бөлінген.

Мұнда құрылған қос ғылыми әдістемелік кеңес оның өрісі мен мәртебесін биіктетуге өз ықпалын тигізіп келе жатқаны да атап айтуға тұрарлық мәселе. Олардың құрамында техника ғылымдарының кандидаты Ақсерік Әйтімов, саяси ғылымдар кандидаты, доцент Мерболат Нұртазин, педагоги­ка ғылымдарының кандидаты Илья Ломоносов, профессор Се­рік Шарабасов, филология ғылым­дарының докторы Абат Қы­дыршаев секілді Ақжайық өңіріне кеңінен танымал тұлғалар бар.

Орталық құрылған сегіз жыл­дың ішінде мұнда дәріс беру­шілердің сапалық құрамы елеулі түрде жақсарғаны бүгінгі күннің шындығы. Олардың арасында есімдері елге елеулі академик пен профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттары бар.

Биылғы мамыр айында ҚР Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.Байменов Оралдағы оқыту орталығының жай-күйімен танысып, оның қызметіне оң баға беріп кеткенін мұндағы қыз­меткерлер лайықты мақтан етеді. Әлихан Мұхамедияұлы орталық ұжымының атқарып жүрген қызметін сауапты да, жауапты деп сипаттаған болса бұдан артық қандай баға керек.

Ал мемлекеттік қызметшілерді оқыту орталығының директоры Ә.Сәтбаевтың қызметтік кабинеті есігінің қақ маңдайшасына «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деген халықтық нақыл көрнекі түрде жазылып ілінген. Бұл менің өмірдегі басты ұстанатын қағидам деп мәлімдеді ол газет тілшісіне. Сондай-ақ, Әлібек Байжанұлы біз­бен әңгімесінде Мұхаммед пайғам­­бардың күйеу баласы Хазірет Әли-төртінші халифаның Мысырдың әкімі Мәлікке жазған хатынан бір үзінді келтірді. Онда былай делінген: Сенің шеніңнің жоғары екені саған келуге әрі сенің көмегіңе жүгінуге мәжбүр болған адамдарға кедергі келтіруден сақтан.

Үлкенді-кішілі лауазым иелеріне ой салатын қорғасындай салмақты сөз осындай-ақ болар. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ұстанса, одан ол кеміп кетпес еді-ау деген ой ке­леді. Кешегіден бүгінге жеткен бұл тағы­лым Оралдағы оқыту орта­лығының қарапайым ұжымына да сіңісті бол­ғаны қандай ғанибет.

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

ОРАЛ.

***********************

Маусымның  21-де   облыстық басқармалардың бөлім бастықтары, қала, аудан әкімдері аппараттарының бөлім меңгерушілері, қалалық, аудандық дербес бөлімдердің бастықтары мен олардың орынбасарлары мен  мамандары және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері  үшін  «Тұлғаның әлеуетін тиімді басқару: жетекшінің өзіндік менеджменті» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары  аяқталып, тыңдаушылар тиісті сертификаттарға ие болды.

***********************

17 маусымда 2013 жылдың жоспар-кестесіне сәйкес облыстық басқармалардың бөлім бастықтары, қала, аудан әкімдері аппараттарының бөлім меңгерушілері, қалалық, аудандық дербес бөлімдердің бастықтары мен олардың орынбасарлары және мамандары (соның ішінде аттестациядан өтетіндер)( D-O-3,4,5; E-3,4,5; E-R-1,2,3,4,5 санаттары) және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері (тапсырысқа сәйкес) (С-О, С- R) үшін «Тұлғаның әлеуетін тиімді басқару: жетекшінің өзіндік менеджменті» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.

***********************

Тыңдаушылар тілегі

Маусымның 10 және 14 аралығында БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да 2013 жылдың жоспар-кестесіне сәйкес облыстық басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппараттарының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің мамандары (соның ішінде аттестациядан өтетіндер)(D -О-4,5,6, Е-4,5, E-R-4,5 санаттары) үшін «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді бірізділендіру» бойынша өткен біліктілікті арттыру курстары 14 маусымда аяқталып, тыңдаушылар тиісті сертификаттарға ие болды.

Курс тыңдаушылары Орталықтағы оқу үрдісі мен ұстаздары туралы ойларын және лебіздерін өлең шумақтары арқылы жеткізді.

Құрметті Орталық қызметкерлері! Бір жұма дәріспен сусындатқан тәлімгерлер!

2013 жылдың 10-14 маусым аралығында осы орталықтан біліктілік арттырған тыңдаушылар өз лебіздерін мына бір ақжарма тілекпен жолдайды:

Еліне қызмет етіп жүрген жандар

Өзгеріс, жаңалыққа бой ұрғандар

Білімнің биігіне жету үшін

Курсқа әр саладан жиналғандар

Бір апта жаңалықпен біз қауыштық

Асудың асқарына қарай астық

Білікті ұстаздардан тәлім алып

Келесі белеске қадам бастық

Бұл курс ұштастырды Сіз бен бізді

Байжанұлы, үлгі етеміз өзіңізді

Жұмысы орталықтың жайнай берсін

Жолдамақ тыңдаушылар тілек енді.

Орталықтан білім алып жетілдірген 31 тыңдаушысы мемлекеттік қызметшіге қажетті ілім-біліммен қаруланып, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі зор міндет екеніне терең ұғына түсті. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер армиясы ел игілігіне қызмет ету жолында осы курстан алған тәлімдерін практикамен ұштастыра береді деп ойлаймыз.

Облыстық басқармалар мен департаменттер және Ақжайық, Бөкейорда,Бөрлі, Казталов, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарынан жиналған тыңдаушылар атынан БҚО тілдерді дамыту басқармасының өкілі Гүлнар Жәрдемқызы.

***********************

10 маусымда БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да 2013 жылдың жоспар-кестесіне сәйкес облыстық басқармалардың, қала, аудан әкімдері аппараттарының және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің мамандары (соның ішінде аттестациядан өтетіндер)(D -О-4,5,6, Е-4,5, E-R-4,5 санаттары) үшін «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді бірізділендіру» бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.

 

***********************

2013 жылғы 22-24 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен VI Астаналық экономикалық форум өтті. Форумға 132 елдің делегациялары, мемлекет қайраткерлері қатысты. Форум аясында 22 мамыр күні глобалдық конференция ұйымдастырылды. Онда қаралған негізгі мәселе мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі дамыту болды. Осы конференцияда басқа мәселелермен қатар мемлекеттік қызметшілерді оқыту барысында олардың алдында бизнес өкілдерінің сөйлеуін ұйымдастыру проблемасы да көтерілді. Бұл ұсынысты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік істері Агенттігінің төрағасы А.М.Байменов қолдады. Осы ұсынысты жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадамдар ретінде 5 маусым күні БҚО мемлекеттік қызметшілерді оқыту Орталығында облысымыздығы белгілі кәсіпкер «Василец» компаниясының бас директоры А.А. Василец және «Атамекен» Одағы БҚО бойынша филиалының директоры А.М.Ақашаеваның біліктілігін арттыру семинарына қатысушылар мен мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданғандар алдында орта және кіші бизнесті ашу, оның проблемалары туралы өз пікірлерін айтты.

Кездесу ашық пікір алмасу жағдайында өтті.

Осындай алдыңғы қатарлы оқыту тәжірибесі мұнан былай да өз жалғасын табады.

 

 

***********************

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

***********************

3 маусымда БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да 2013 жылдың жоспар-кестесіне сәйкес ауылдық (селолық) округ әкімдері (МСҚ) және олардың орынбасарлары үшін (соның ішінде аттестациядан өтетіндер) (E-G-1 санаттары) «Басқару шешімдерін қабылдау және жүзеге асыру технологиясы» бойынша біліктілікті арттыру және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған тұлғалар (D-О-4,5,6, E-4,5, E-G-2,3,4, E-R-4,5 санаттары) аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілеріне арналған (тапсырысқа сәйкес) (С-О, С- R) «Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-жеке мәдениеті» атты қайта даярлау курстары басталды.

***********************

31 мамырда БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да біліктілікті арттыру курстардың жабылу рәсімі өтіп, курстарды тәмәмдаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

***********************

30 мая в НОК «КазИИТУ» прошел круглый стол. Повестка дня круглого стола была посвящена прошедшему в Астане с 22 по 24 мая 2013 года VI Астанинскому международному экономическому форуму.

В ходе данного мероприятия состоялся презентационный доклад госпожи Снегульской Анны - директора офиса международноых отношений Варшавского еврорегионального университета экономики на тему «Европейский опыт в Польше - это инвестиции в твое будущее». Было заслушано сообщение Сорокина Н.А., проректора по международным связям университета, который в составе делегации ученых университета также принимал участие в работе Астанинского Форума.

В работе круглого стола приняли участие и выступили Айтимов А.С., президент, главный учредитель научно-образовательного комплекса «КазИИТУ», профессор, академик НИА РК, Сатбаев А.Б., директор центра переподготовки и повышения квалификации госслужащих ЗКО, академик, Адильбаев Н.А., координатор совместного казахстанско-польского проекта по ЗКО, Ахметов А.М., директор турагенства «Гамма Турс», а также руководители структурных подразделений и профессорско-преподавательский состав НОК «КазИИТУ».

 

***********************

27 мамырда БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да 2013 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған жоспар-кестесіне сәйкес ауылдық (селолық) округ әкімдері аппараттарының мамандары үшін (соның ішінде аттестациядан өтетіндер) (E-G-2,3,4 санаттары) «Қазақстандағы электрондық Үкімет: құрылу қағидалары, қазіргі жағдайы және болашағы» атты семинар басталды.

***********************

24 мамырда БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстардың жабылу рәсімі өтіп, курстарды тәмәмдаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

***********************

17 мая в кабинете директора ГККП «Центр переподготовки, повышения квалификации и обучения государственному языку государственных служащих» акимата ЗКО Алибека Байжановича Сатбаева прошло заседание рабочей группы по подготовке к подписанию меморандума о сотрудничестве в сфере обучения госслужащих между Тольяттинским филиалом Российской академии народного хозяйства и государственной службы (РАНХ и ГС) при Президенте РФ и центром переподготовки, повышения квалификации и обучения государственному языку государственных служащих ЗКО.

 

dscf9620.jpg - 3.44 Mb

***********************

17 мая госслужащие, обучающиеся в центре, имели возможность прослушать лекцию О.В.Андрюшиной, заместителя директора по дополнительному профессиональному образованию  Тольяттинского филиала Российской академии народного хозяйства и государственной службы (РАНХ и ГС) при Президенте РФ, кандидата наук.

dscf9618.jpg - 3.42 Mb

dscf9615.jpg - 3.60 Mb

***********************

14 мая в центре переподготовки госслужащих ЗКО состоялось селекторное совещание по вопросам формирования кадрового резерва корпуса «А». Мероприятие, организованное Агенством РК по делам государственной службы РК, проводилось в режиме онлайн конференции. На совещание были приглашены председатели дисциплинарных советов областей, а также секретари кадровых комиссий, заместители руководителей аппаратов акимов областей.

 

 

***********************

13 мамырда мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған тұлғаларға арналған семинарда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің тыңдаушысы, ҚР ғылым Комитеті Төрағасының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Л.А.Құсайынова «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебі» жөнінде дәріс оқып, тыңдаушылардың көптеген сұрақтарына тұшымды жауап берді.

 

***********************

Председатель Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы посетил центр переподготовки госслужащих ЗКО

 

6-го мая 2013 года центр переподготовки госслужащих ЗКО посетил Председатель Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы Байменов Алихан Мухамедьевич. Он высоко оценил работу коллектива центра и пожелал ему дальнейших успехов, расписавшись в книге пожеланий и сфотографировавшись на память с сотрудниками.

dsc_0146.jpg - 2.47 Mb

Председатель Агентства по делам государственной службы

А.Байменов расписывается в книге пожеланий центра

 

dsc_0131.jpg - 3.13 Mb

Директор центра А.Сатбаев знакомит высокого гостя с работой предприятия

***********************

Презентация проекта ЕС

Сегодня, 6-го мая, в центре переподготовки госслужащих ЗКО состоялась презентация проекта технической помощи Евросоюза (ЕС) Правительству Казахстана под названием «Реформа государственной службы и модернизация Правительства Казахстана» в лице АГДС РК.

Презентация проведена главным экспертом проекта, доктором РhD Максимилианом Федингер, выступающим от Миссии Евросоюза в Казахстане. Мероприятие осуществлено на средства ЕС.



***********************

«Қазтест» жүйесi бойынша байқау сынақтары өтуде

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 шiлдедегi № 878 Қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейiн «Қазтест» жүйесiмен бағалауды енгізу бағытында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Осыған орай мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау үшін «Қазтест» жүйесі бойынша қызметшілерді байқаудан өткізуде. (Тілді білу деңгейі алдын-ала жүргізілген тест жұмыстары арқылы анықталады)

2 мамыр 2013 жыл

Облыстық денсаулық  басқармасының өкілдері «Казтест» байқау сынағын тапсыру үстінде

***********************

30 сәуір күні G-GLOBAL ақпараттық-коммуникативтік алаңында «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесінің сұрақтары» бойынша онлайн конференция өтті. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы ұйымдастырған шараға Германияның, Литваның, Оңтүстік Кореяның және Ресейдің Халықтар достығы университетінің белгілі ғалымдары қатысып, әріптестер өзара мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесіндегі озық тәжрибелерімен бөлісті. Ғалымдар оқыту үрдісінде кезігіп жататын көптеген сұрақтарға жауаптар іздеп, қойылған сұрақтар бойынша жан-жақты пікір алысты.

Онлайн конференцияға БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығының» қызметкерлері қатысып отырды.

 

***********************

22 - 26 сәуір аралығында Орталықта облыстық басқармалардың бөлім бастықтары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аппарат басшылары, қала, аудан әкімдері аппараттарының бөлім меңгерушілері және қалалық, аудандық дербес бөлімдердің бастықтары мен олардың орынбасарлары (соның ішінде аттестациядан өтетіндер)( D-O-3; E-1,2,3; E-R-1,2,3 санаттары) және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері (тапсырысқа сәйкес) (С-О, С- R) үшін «Басқару қызметін жетілдірудің құқықтық мәселелері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары аяқталып, тыңдаушылар тиісті сертификаттар алды.

 

***********************