*****************************

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************

*******************************

*********************************

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық Орталығы» ҚР Президентінің 2004 жылғы 11-ші қарашадағы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ережелерін бекіту туралы №1457 Жарлығының, сонымен қатар 2005 жылғы 30-шы маусымдағы «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық Орталығын құру туралы» БҚО әкімдігінің қаулысының негізінде 2005 жылы 30-шы маусымда құрылды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы №51 қаулысына өзгертілістер енгізіліп «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының атауы өзгертіліп Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау,біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

Орталықтың алғашқы басшысы болып Ломоносов Илья Матвеевич тағайындалды. 2007-2010 жылдары аралығында орталыққа М.А.Габдуалиев, 2011- 2013 жылдары  Ә.Б.Сәтбаев, 2014 - 2016 жылдары Ә.Б.Серғалин жетекшілік етті.

Біліктілік арттыру қысқа мерзімде оқытылады, мамандандырылған семинарлар 3-7 күнге дейін созылады (24 сағаттан - 80 академиялық сағатқа дейін), олар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің жекелеген бағыттарының теориялық және практикалық білімдерін, іскерлігін және дағдыларын жаңартуды қамтамасыз етуге арналған. Біліктілік арттыру үш жылда бір рет өткізіледі.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мамандандыру пәндерін тереңдетіп және сырттай-күндізгі оқыту түрі бойынша іске асырылады, оқу алты аптаға дейін созылады (120 академиялық сағаттан кем емес, оның ішінде дәрісханалық жұмыс және өзіндік жұмыстар кіреді). Қайта даярлау мемлекеттік қызметші лауазымға тағайындалғаннан кейін үш айдан аспай өткізіледі.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың оқу бағдарламалары 2 деңгей бойынша жүргізіледі:

1-деңгей – басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін;

2-деңгей – мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған тұлғалар үшін.

Орталықта оқу-әдістемелік кеңес жұмыс жасайды.

Оқу процесіне тартылған дәріскерлер саны  60 адамнан асып отыр. Олардың ішінде ЖОО ғылым докторлары мен кандидаттары,  тәжірибелі мемлекеттік органдарының басшылары бар.

Қазіргі уақытта орталықта мемлекеттік тілдің біліктілігін арттыру, жеделдетілген қазақ тілінің деңгейлік курстары, сонымен бірге ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинарлар ашылған.

Орталықта тыңдаушылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Ғаламторға қосылған компьютерлік сыныптар мен 1000-нан астам кітап қоры бар кітапханада тыңдаушылар аналитикалық жазбаларын қорғау үшін дайындық жұмыстарын жүргізе алады. Дәрістер мен практикалық сабақтарды жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, мемлекеттік органдардың жетекшілері мен мамандары өткізеді, арнайы шығып өткізілетін практикалық сабақтар да ұйымдастырылған.

*********************************

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************