*****************************

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************

*******************************

БҚО әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді

қайта даярлау, біліктілігін арттыру  және

мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

Мемлекеттік қызметшінің имиджі

1. Жағымды имиджге жатпайтын нұсқаны көрсетіңіз.

a) сыртқы түрі

b) іскерлік коммуникация

c) мінез – құлық стратегиясы

d) сапасыз қызмет

2. Имидж типтеріне не жатады ?

a) мемлекеттік, корпоративтік, жеке адамдық

b) мемлекеттік емес

c) шаруашылық

d) қоғамдық

Мемлекеттік рәміздер

3. Қазіргі таңда күшіне ие «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қашан қабылданды?

a)      4 сәуір 2006 ж.

b)      6 шілде 1991 ж.

c)      4 маусым 2007 ж.

d)      14 мамыр 1996 ж.

4. ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы … .

a)      ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

b)      сәулетші Шот-Аман Уәлиханов

c)      сәулетші Жандарбек Мәлібеков

d)    екі белгілі сәулетші – Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов

ҚР еңбек кодексі

5. Тәртіптік шара қолданылған  қызметкерге, тәртіптік жаза туралы акт қанша уақытта хабарланады?

a) 1 айдың ішінде жазбаша түрде

b) тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде

c) тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күннен бастап 1 жұмыс күнінің  ішінде

d) тәртіптік жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде

6. Қызметкерді жұмысқа қабылдау барысында жұмыс беруші қандай мерзімде актімен таныстыруға міндетті ?

a) үш күн ішінде;

b) акт шығарған күні;

c) апта ішінде.

7. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкермен еңбек шарты қандай жағдайда бұзылуы мүмкін?

а) қызметкердiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi уақытында;

b) қызметкердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болуы;

c) бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі.

8. Жыл сайынғы еңбек демалысы бөліктерге бөлініп берілуі

мүмкін бе?

а) жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы келісім бойынша мүмкін;

b) болмайды;

c) қызметкердің ықыласы бойынша мүмкін.

ҚАЗТЕСТ

9. ҚАЗТЕСТ жүйесінің мазмұндық бөлігінің бірі

а) естілім

b) сөйлесім

c) айтылым

d) тыңдалым

10. Түрлі стильді мәтіндерді оқу барысында түсінгенін тексеруге арналған тапсырмалар

а) оқылым

b) жазылым

c) тыңдалым

d) лексика-грамматика

11.    Тілді меңгерудің негізгі талаптарын анықтайтын нормативтік құжат?

a) стандарт

b) сертификат

c) бағдарлама

d) тұжырымдама

Мемлекеттік басқару

12. Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауының жарияланған уақыты

a) 4 сәуір 2011 ж.

b) 6 шілде 2013 ж.

c) 11 қараша 2014ж.

d) 14 мамыр 2014ж

13. «Нұрлы жол» Жолдауының  жаңа экономикалық саясаты неше бағыттан тұрады?

a) 3

b) 6

c) 10

d) 7

14. 2012 ж. 14 желтоқсандағы  Жолдауында  Президент ХХІ ғасырдағы еліміз бен өңіріміз үшін қанша жаһандық сын – қатерді бөліп көрсетті?

a) 8

b) 9

c) 7

d) 10

15. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ стратегиясының қанша  негізгі  экономикалық бағыттары бар?

a)  3

b)  5

c)  7

d)  9

16.«Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы баспасөз бетінде қай жылы және қай күні жарияланды ?

a)  10.07.2012

b)  10.06.2012

c)  10.01.2013

d)  14.12.2012

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

17. Жеке кәсіпкерлікке қатысты тексеру талаптарын  бұзғаны  үшін  қай заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады?

a) ҚР Еңбек кодексі

b) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» заңы

c) ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы

d) ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы

18. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа  қандай жағдайда тәртіптік жаза қолданылмайды?

a) теріс қылық анықталған күннен бастап 6 ай өтсе

b) теріс қылық анықталған күннен бастап 1 жылдан асса

c) теріс қылық анықталған күннен бастап 10 ай өтсе

d) теріс қылық анықталған күннен бастап 5 ай өтсе

Халықаралық қатынастар

19. Халықаралық қатынастар – бұл:

a) әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер

b) әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын соғыстар, басқыншылықтар

с) бір елдің ішкі саяси жағдайы

d) бірнеше елдердің ішкі жалпы өнімі

20. ҚР мүше болып табылатын халықаралық ұйымдарды көрсетіңіз.

a) Ұлттар лигасы, Еуразиялық экономикалық одақ, ТМД;

b) Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Евроодақ, Кедендік одақ;

с) Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы, БҰҰ, ТМД;

d) БҰҰ, Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы;

 

Электрондық үкімет

21.Электрондық құжаттама айналымда пайдаланатын электронды-цифрлық қолтаңбаны кім береді?

a) дұрыс жауабы жоқ

b) Халыққа қызмет көрсету орталығы

c) ҚР ұлттық куәландырушы орталығы

d) ҚР мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы

Мемлекеттік экономикалық саясат

22. Кәсіпорын қай кезден бастап заңды тұлға құқығына ие болады?

a) өнімдерін шығарған кезден

b) қалыптасқан уақыттан

c) мемлекеттік тіркеуден өткен кезден

d) барлық жауаптары дұрыс

23. Тауар өнімі деген –

a) өндірістік қуат

b) дайын өнім

c) жұмысшылардың тізім бойынша орташа санына байланысты шығарған өнімнің көлемі

d) өндіріс көлемі

Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен аударма

24. Аудармада екі немесе бірнеше синонимдік мағынадағы сөздердің біреуін таңдап қолдану әдісі ?

a) транслитерация

b) гипонимиялық әдіс

c) моноэквивалентті әдіс

d) полиэквивалентті әдіс

25. «Личный листок» (Мемтерминком 2005 ж. бекіткен) сөзінің аудармасын табыңыз.

a) жеке іс парағы

b) жеке іс қағазы

с) жеке парақ

d) жеке парақша

26. Образды фразеологизмдер, қарапайым лексика қолданылмайтын жазылым түрі.

a) Эссе-шығарма

b) Ресми жазылым

с) Көркем шығарма

d) Публицистикалық мақала

27.  Өтініш білдіру үшін қолданылатын синтаксистік  құрылымдар

a) Менің мекенжайыма жолдауыңызды сұраймын

b) Тиісті органдардан ақпарат алыңыз

с)  Қаулы қабылдансын

d)  Басшылыққа алынсын

28.   «Қаулы етілді», «шешім қабылданды», «міндеттелінсін» сияқты   дайын үлгілер қолданылатын стиль түрі

a) Ресми стиль

b) Ғылыми стиль

с) Көркем әдебиет стилі

d) Публицистикалық стиль

29. Орфографиялық және стильдік тұрғыдан дұрыс жазылған         қазақша баламасын табыңыз.

a)  «Қазақтелеком» АҚ Маркетинг Департаментінің жетекші маманы

b)  «Қазақтелеком» АҚ маркетинг департаментінің жетекші маманы

с)  «Қазақтелеком» АҚ Маркетинг департаментінің Жетекші маманы

d)  «Қазақтелеком» АҚ Маркетинг департаментінің жетекші маманы

Жер кодексі

30. Облыстар арасында жер қатынастарын реттеу кімнің құзыретіне жатады?

а) ҚР  Парламентінің

b) ҚР Үкіметінің

c) облыс әкімдерінің

d) облыс Маслихаты

31.  Сервитут деген не?

а) бөтен жер учаскілерін шектеулі пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық және балық шаруашылықтары және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану

b) бөтен жер учаскілерін шектеусіз  пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық және балық шаруашылықтары және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану

c) жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық және балық шаруашылықтары және өзге де мұқтаждар үшін бөтен жер учаскілерін жалға алу

Жоспарлау жүйесі

32. Жергілікті деңгейдегі жоспарлау  жүйесінің стратегиялық құжатын көрсетіңіз.

а) аумақтарды дамыту бағдарламасы

b) салаларды дамыту бағдарламасы

c) экономиканы  дамыту бағдарламасы

d) барлық жауа  бы дұрыс

33. Бюджеттік жоспарлау неше жылға жоспарланады?

а) 6 жылға

b) 10 жылға

c) 3 жылға

d) 5 жылға

Кәсіпкерлік

34. Кәсіпкерлік қызметті реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық акт

a) «Бизнестің жол картасы – 2020»

b) Конституция

c) «Жеке кәсіпкерлік туралы » ҚР заңы

d) мемлекеттік бағдарлама

35. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы қашан қабылданды?

a)  2012 ж

b)  2011ж

c)  2010ж

d)  2013

 

 

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************