*****************************

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************

*******************************

ХАБАРЛАМА

Мемлекеттік мекеме басшылары,
мемлекеттік қызметшілер назарына
«Қазтест» сынақтары мен  дайындық семинарлары туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінде 2017 жылы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін «Қазтест» жүйесі бойынша  анықтау-байқау сынақтары мен дайындық семинарларын өткізу жұмыстары жүргізіледі. Семинарлар мен сынақтарды мекемелерде де өткізу мүмкіндігі қарастырылған.  Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау-байқау сынақтарын тапсырғандарға тиісті үлгідегі анықтама беріледі.  Тапсырыс бір апта бұрын беріліп, өзара келісім бойынша өту мерзімдері анықталады. Байқау-анықтау сынағына топтық және жеке тапсырыс беруге болады.

 

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін «Қазтест» жүйесі бойынша анықтау бағытында тұрақты түрде жүргізілетін жұмыстар

Жұмыс түрі

сағаты

құны

өту уақыты

1

«Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мен бағалау» (1 күндік семинар, диагностикалық тест)

8

1х5200т

тапсырыс бойынша өткізіледі

2

«Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мен бағалау» (2 күндік семинар, диагностикалық тест)

16

1х10400т

тапсырыс бойынша өткізіледі

3

«Қазтест»  жүйесі бойынша  мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау сынағы (тест, жазба жұмысы)

180 минут

1х1188т

тапсырыс бойынша өткізіледі

Ескерту: қызмет құны әр  сағатқа (60 мин) есептелген.

Телефон: 24-44-33, факс: 24-47-24

e-mail: RCO_ZKО@mail.ru

 

Орал қаласы мен аудан әкімдеріне
Мемлекеттік мекемелер басшыларына

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  Орталықта 2017 жылдың I тоқсанында жоспарланған мемлекеттік қызметшілердің тіл біліктілігін арттыру семинарларының  жоспар-кестесін ұсынады. (қосымша)

Жоспар–кесте бойынша 2017 жылдың  13-17 ақпаны аралығында мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» (40 сағат) семинары өтеді.

Семинарда  «ҚАЗТЕСТ жүйесі», «Терминология мәселелері»,   «Мемлекеттік қызмет және тілдік құзырет», «Мемлекеттік қызметшінің сөз қолдану, сөйлеу мәдениеті»,  «Шешендік өнер алғышарттары», «Мемлекеттік қызметтегі жазылым»,  «Іс қағаздар стилі», «Аударма теориясы мен практикасы» тақырыптары бойынша белгілі тілші-ғалымдар  дәрістер оқып, бөлімнің оқытушы-әдіскерлері  практикалық сабақтар мен тренингтер өткізеді. Семинар соңында тыңдаушылар бақылау сынақтарын тапсырып,  оларға  тиісті үлгідегі сертификаттар беріледі.

Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілердің тіл біліктілігін арттыру семинарларын  мекемелерде және аудандарда ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл семинарлардың  нақты  өту уақытын тыңдаушылар құрамының (10-30) қалыптасуына қарай тапсырыс беруші  анықтайды, әр оқу тобына жеке оқу кестесі жасалады.  Тыңдаушыларға тиісті үлгідегі сертификат беріледі. 2017 жылдың I тоқсанында тіл біліктілігін арттыру семинарларында оқуға ниет білдірген тыңдаушылар туралы ақпаратты Орталықтың электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз. Мекенжайымыз: Орал қ., М.Мәметова көш., 81. (КАЗИИТУ)   Анықтама тел.: 24-47-24(факс), 24-44-33, эл.пошта   Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Қосымша: 2 парақ

Қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің МКҚК «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының»  мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімі көрсететін қызмет түрлері мен қызмет бағасы

2017 жылдың бірінші тоқсаны  семинарлар

(2017 жылғы қаңтар-наурыз)

Семинар атауы

сағаты

құны

өту уақыты

 

1

 

«Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» ( 1 апталық семинар)

 

40

 

1х15040т

 

13–17.02.2017 ж

 

2

«Мемлекеттік қызметшінің тіл мәдениеті және тілдік нормалар» (1 апталық семинар)

40

1х15040т

1–5.03.2017 ж

 

 

 

Телефон: 24-44-33, факс: 24-47-24

e-mail: RCO_ZKО@mail.ru

 

АҚПАРАТ ФОРМАСЫ

_____________________________________(қала, аудан әкімдігі, департамент,басқарма)

мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік тіл біліктілігін арттыру семинарында  оқу қажеттілігі туралы

Мемлекеттік қызметшілер

санаты

Мемлекеттік тіл біліктілігін арттыру семинары (40 сағат)

Жоспарланған оқу мерзімі (I тоқсан)

Ескерту: төмендегі тиісті нұсқаны (сандық үлгіде) көрсету керек

Мемлекеттік тіл біліктілігін арттыру семинары (40 сағат)

1. «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру»

2.  «Мемлекеттік қызметшінің тіл мәдениеті және тілдік нормалар»

Орал қаласы мен аудан әкімдеріне
Мемлекеттік мекемелер басшыларына

Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  міндеттерін іске асыру  мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығында» мемлекеттік тілді тиісті деңгейде меңгермеген мемлекеттік қызметшілерді елімізде қабылданған ортақ стандарт пен типтік бағдарлама негізінде «Қазтест» жүйесі бойынша ұйымдастырылатын деңгейлік курстарда (100 сағат) және  тіл біліктілігін арттыру семинарларында (40 сағат) оқыту тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2017 жылы бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

«Қазтест» жүйесі бойынша ұйымдастырылатын деңгейлік курстардың нақты  өту уақыты тыңдаушылар құрамының қалыптасуына қарай (7 -20 тыңдаушы)  тапсырыс берушімен келісіледі  және әр оқу тобына жеке оқу кестесі жасалады.

Ал мемлекеттік қызметшілердің тіл біліктілігін арттыру  бойынша 2017 жылдың I тоқсанында Орталықта өтуі жоспарланған семинарлар кестесі  қосымша  ұсынылды (қосымша). Сонымен бірге  біліктілік семинарларын топтың жасақталуына қарай (10-30 тыңдаушы) мекемелерде және аудандарда ұйымдастыру мүмкіндігі де қарастырылған

Осыған байланысты Сізден өз мекемеңіз бойынша 2017 жылы   мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлік курстары мен тілдік біліктілікті арттыру семинарларында оқуы жоспарланған мемлекеттік қызметшілер  туралы ақпаратты  Орталықтың эл. поштасына 2017 жылдың 1 наурызына дейін жіберуіңізді сұраймыз.

Телефон: 24-47-24(факс), 24-44-33, эл.пошта   Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Қосымша: 2 парақ

 

АҚПАРАТ ФОРМАСЫ

 

_____________________________________(қала, аудан әкімдігі, департамент,басқарма)

мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік тілді оқыту курстарында оқу қажеттілігі туралы

Мемлекеттік қызметшілер

санаты

Тілдік біліктілікті арттыру  семинарлары (40 сағ);

«Қазтест» жүйесі бойынша ұйымдастырылатын деңгейлік курстар (100 сағат)

Жоспарланған оқу мерзімі (I, II жартыжылдық)

Ескерту: төмендегі тиісті нұсқаны (сандық үлгіде) көрсету керек

«Қазтест» жүйесі бойынша ұйымдастырылатын деңгейлік курстар (100 сағат)

А1 –  қарапайым деңгей

А2 –  базалық деңгей

В1 –  орта деңгей

В2 – ортадан жоғары деңгей

С1 – жоғары деңгей

 

Жоспарланған оқу мерзімі

I жартыжылдық

II жартыжылдық

Қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің МКҚК «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының»  мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімі көрсететін қызмет түрлері мен қызмет бағасы

2017 жылға жоспарланған мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді  жеделдете  деңгейлік оқыту курстары

Бір топтағы тыңдаушылар саны – 10-15 адам. Курс сабақтары орталықтың мультимедиялық кабинеттерінде және мекемелердегі арнайы жабдықталған кабинеттерде өтеді. Курс аяқталған соң, «Қазтест» жүйесі бойынша  біліктілік сынағын тапсырған тыңдаушыға  тиісті үлгідегі куәлік және  сертификат беріледі. Өндірістен қол үзбей оқитын тыңдаушыларға 2,3,4 айлық курстар, өндірістен қол үзіп оқитын (күндізгі оқу) тыңдаушыларға 2 апталық, 1,2 айлық курстар ұсынылады. Курстардың өту мерзімі мен түрі және сабақтар кестесі өзара келісім бойынша анықталады. Деңгейлік курстардағы минимальды сағат - 100  сағат көлемінде белгіленген.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша деңгейлік тіл оқыту курстары

сағат

Курс бағасы (бір тыңдаушыға)

1

Қарапайым деңгей, А-1

100 сағат

1 х37600 тг

2

Базалық деңгей, А-2

100 сағат

1 х37600 тг

3

Орта деңгей, В-1

100 сағат

1 х37600 тг

4

Ортадан жоғары деңгей, В-2

100 сағат

1 х37600 тг

5

Жоғары деңгей, С-1

100 сағат

1 х37600 тг

Ескерту: Орталықта топпен оқытумен бірге тыңдаушыларды жеке оқыту (сұраныс пен қажеттілікке қарай) мүмкіндігі де қарастырылған.

 

2017 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған тілдік біліктілікті арттыру  семинарлары

Семинар атауы

сағаты

құны

өту уақыты

 

1

 

«Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» ( 1 апталық семинар)

 

40

 

1х15040т

 

11 – 15.04.2017 ж

 

2

«Мемлекеттік қызметшінің тіл мәдениеті және тілдік нормалар» (1 апталық семинар)

40

1х15040т

1        – 5.06.2017 ж

 

 

 

Телефон: 24-44-33, факс: 24-47-24

e-mail: RCO_ZKО@mail.ru

 

 

ХАБАРЛАМА

2016 жылдың 11 - 15 сәуірі аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік   қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығында» мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тілдік біліктілігін арттыру» (40 сағат) семинары өтеді.

Семинарда  «ҚАЗТЕСТ жүйесі», «Терминология мәселелері»,   «Мемлекеттік қызметшінің сөз қолдану , сөйлеу мәдениеті»,  «Шешендік өнер алғышарттары», «Мемлекеттік қызметтегі жазылым»,  «Іс қағаздар стилі», «Аударма теориясы мен практикасы» тақырыптары бойынша белгілі тілші-ғалымдар  дәрістер оқып, бөлімнің оқытушы-әдіскерлері  практикалық сабақтар мен тренингтер өткізеді.  Семинар  тыңдаушылары қазақ тілінде  тыңдалым, сөйлесім, оқылым жазылым мәдениеті дағдыларын жетілдіріп, тіл мәдениеті және тілдік нормалар, терминдер мен кәсіби сөздерді қолдану, ресми стиль мен стилистика, аударма теориясы мен практикасы, риторика негіздері бойынша қажетті ақпарат алады. Семинар соңында тыңдаушыларға   тиісті үлгідегі сертификаттар беріледі.

Мемлекеттік тілді білу деңгейін жетілдіріп, тілдік біліктілігін арттыруға ниет білдірген мемлекеттік қызметшілерді семинарға шақырамыз. Cеминар құны – 1 тыңдаушыға 15040 т.

Мемлекеттік мекеме басшыларына,

мемлекеттік қызметшілерге

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік   қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінде 2016 жылы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін «Қазтест» жүйесі бойынша анықтау-байқау сынақтары мен дайындық семинарларын өткізу жұмыстары жүргізіледі. Семинарлар мен сынақтарды мекемелерде де өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау-байқау сынақтарын тапсырғандарға тиісті үлгідегі анықтама беріледі. Тапсырыс бір апта бұрын беріліп, өзара келісім бойынша өту мерзімдері анықталады. Байқау – анықтау сынағына топтық және жеке тапсырыс беруге болады.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлектеттік тілді білу деңгейін «Қазтест» жүйесі бойынша анықтау бағытында тұрақты түрде жүргізілетін жұмыстар

Жұмыс түрі

сағаты

құны

өту уақыты

1

«Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мен бағалау» (1 күндік семинар, диагностикалық тест)

8

 

4

1х5200т

 

1х2600т

тапсырыс

бойынша

өткізіледі

2

«Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мен бағалау»  (2 күндік семинар, диагностикалық тест)

16

1х10400т

тапсырыс

бойынша

өткізіледі

3

Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау сынағы (тест, жазба жұмысы)

180 минут

1х1120т

тапсырыс

бойынша

өткізіледі

Ескертеу: қызмет құны әр сағатқа (60 мин) есептелген.

Телефон: 24-44-33, факс: 24-47-24

e-mail: RCO ZKO@ mail.ru

 

 


 

 

 

 

 

 

*************************************

*************************************

*************************************

*************************************